Орал әуежайында жаңа бейінді инвестор пайда болды. Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдың операторы — «Орал» халықаралық әуежайы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің жүз пайыздық үлесiн «Орал Аэропорт Холдинг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi сатып алды. Жаңа үлескердiӊ жоспарында маршруттық желіні ұлғайту, жолаушылар мен авиакомпаниялар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, әуежайды техникалық қайта жарақтандыру, бизнес-процестерді жақсарту бар.
«Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС – Қазақстан Республикасында құрылған, үлескерлердiӊ құрылымы бойынша бақылау пакеті Қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі, ал қалған миноритарлық үлесi ресейлік «Ретранс»АҚ-на тиесілі Қазақстандық ұйым. «Ретранс» АҚ — әуежайларды кәсіби басқаруға маманданған «Аэропорты Регионов» Басқарушы компаниясы АҚ-ның Бас компаниясы. Ол 2012 жылы құрылған. Бүгінде ол 14 әуежайды басқаруға қатысады.
«Орал» халықаралық әуежайы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi осы уақытқа дейін де жеке кәсіпкерлердің меншігінде болып келген. Ол жолаушылар мен авиакомпанияларға қызмет көрсету үшін қолданылатын техникаға мен жабдыққа, сондай-ақ қосалқы инфрақұрылымға ие, сонымен қатар ол әуежай қызметкерлеріне жұмыс беруші болып табылады. Орал әуежайының стратегиялық маңызды әуеайлағы, жолаушылар терминалы — мемлекеттік меншік болып табылады, ал 2022 жылы салынған терминалға «Ақжайық «ӘКК» АҚ иелік етеді, ол оны салумен айналысқан.
«Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС-нің жоспарында Орал қаласынан халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын дамыту әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жүк тасымалының өсуін қамтамасыз ету көзделген. Бүгінгі таңда әуежайдың жолаушылар ағыны жылына 300 мың адамнан асады. Бұл ретте әуежайдың Қазақстанның солтүстік-батысында ыңғайлы орналасуы мұнда транзиттік тасымалдарды дамытуға және оның негiзiнде өңірлік хаб қалыптастыруға мүмкіндік береді.