25 қазаннан бастап Орал қаласының халықаралық әуежайынан Мысырға ұшатын рейстер саны артады. Рейстер қысқы навигацияның барлық кезеңінде орындалады.
Шарм-эль-Шейхке ұшуды FlyArystan әуекомпаниясы жүзеге асырады. Орал қаласынан танымал курортқа сенбі күндері Airbus A320 әуе кемелерінде ұшуға болады. Чартерлік рейс 160 орындық әуе кемесімен орындалады. Рейстер 2025 жылдың наурызына дейін жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Орал қаласынан танымал мысырлық курортқа Scat Airlines әуекомпаниясының рейстерімен ұшуға болады. Сондай-ақ, әуекомпания тайландтық Пхукетке чартерлік рейстерін қайта ашып жатыр.