Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Жүк жіберушілерге

Алу тәртібі

Жүкті беру "Орал" халықаралық әуежайы ЖШС жүк қоймасында жүргізіледі.

Клиент жүк қоймасының аумағына кірер алдында аэровокзалдың аға агентіне жүгінуі керек, ол аумаққа жол ақысын қабылдайды және клиентке чек жазады.

Бұл рәсім аэровокзал ғимаратының бірінші қабатындағы №184 кабинетте жүргізіледі.

Әрі қарай клиент аэровокзалдың сол жағында орналасқан №1 БӨП-тен өтеді және әуежайдың АҚҚ қызметкеріне чек ұсынады, содан кейін оған жүк қоймасының аумағына рұқсаттама жазылады.

Жүк қоймасында клиент маманға чекті, рұқсаттаманы және оның жеке басын куәландыратын құжатты, егер жүк заңды тұлғаға ресімделген болса, ұйымнан осы жүкті алуға сенімхатты ұсынады.

Жүкті беру әуе жүкқұжатында және жүк беру журналында қол қойғызып және жүктерді берген маманнан материалдық құндылық аумағынан шығаруға рұқсат беру арқылы жүргізіледі.

Жүкті рәсімдеу күн сайын сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі

* Жүкті рәсімдеу рейске қызмет көрсету кезінде жүргізілмейді

Жүкті беру және рәсімдеу бойынша барлық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 (7112) 93-96-75

+ 7 (705) 504-12-46



Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз