Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Медпункт

Медициналық қызметтер

Әуежайға келушілер білікті медициналық көмек ала алатынына сенімді бола алады. Егер сізге шұғыл көмек, ұшуға қарсы көрсетілімдер туралы кеңес, ана мен бала бөлмесіне барар алдында балаларды тексеру қажет болса, әуежайдың медициналық пунктіне хабарласуға немесе телефон арқылы медициналық қызметкерді шақыруға болады.

Науқас жолаушыны ұшақтың бортына дейін тасымалдау үшін медициналық пункттің қызметкері арқылы медициналық көлікке тапсырыс беруге болады. 

Жолаушылар терминалы
Қабат
1


Ерекше санитарлық жағдайлар:



  • Науқастар, мүгедектер және жүкті әйелдер тасымалдауға олардың жай-күйі жолаушының немесе басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеген жағдайда (медициналық құжаттармен растау қажет), басқа адамдар үшін тәртіпсіздік пен шешілмейтін қолайсыздықтар туғызбаған жағдайда қабылданады.
  • Әуе тасымалы мүмкіндігін растайтын емдеуші дәрігер қол қойған белгіленген нысандағы медициналық құжаттардың болуы қажет.
  • Арнайы жағдайларды талап ететін тасымалдау тасымалдаушымен алдын ала келісілуі керек (зембілмен тасымалдау, арнайы медициналық жабдықтың қажеттілігі және т.б.).
  • Жүкті әйелдер үшін медициналық құжаттарды толтыру мерзімі тасымалдау басталғанға дейін 7 (жеті) күннен ерте болмауы тиіс, жүктілік мерзімі бір ұрықты болған кезде тасымалдау күніне 36 аптадан және көп ұрықты жүктілік кезінде 32 аптадан аспауы тиіс. Жүктіліктің осы мерзімінен асқан жағдайда медициналық қызметтердің арнайы рұқсаты бойынша және (немесе) дәрігердің немесе медицина қызметкерінің еріп жүруімен ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
  • Зембілмен жолаушыларды тасымалдауға ақы төлеу мәселесі бойынша әуекомпанияның кеңсесіне хабарласқан жөн. Науқастарды, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды, жүкті әйелдерді тасымалдау ережелері мен шарттарын тасымалдаушы әуекомпаниядан нақтылау қажет.

Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз