Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай ұшу географиясын кеңейтті. Енді Орал қаласынан Таразда аралық аялдамамен Тайландқа ұшуға болады. Рейстер қысқы навигацияның барлық кезеңіне жарияланды.
Ең танымал курорттардың бірі Пхукетке ұшуды Scat airlines әуекомпаниясы жүзеге асырады. Аралға 10 күнде бір рет 189 туристке арналған Boeing 737 әуе кемелерімен ұшуға болады.
Орал халықаралық әуежайының бас директоры Рустам Биктимиров атап өткендей, жаңа рейс Орал мен көрші қала тұрғындарына ең танымал туристік бағыттардың бірі - Пхукет аралына оңай және ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Орал әуежайынан тағы бір танымал курорт - Шарм-эль-Шейхке де ұша алатыңызды еске саламыз. Оған Scat әуекомпаниясы әр 10 күн сайын ұшады. Орал қаласынан ұшатын турларды қазірдің өзінде туроператорлардан сатып алуға болады.
Рустам Биктимиров
"Орал" Халықаралық әуежайының бас директоры