23 қыркүйектен бастап Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдан Орал - Қарағанды жаңа бағыты бойынша рейс іске қосылады. Рейстер аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің кеншілер астанасына ұшуды Scat әуекомпаниясы 50 орындық Bombardier CRJ-200 ұшақтарында орындалатын болады.
Жаңа рейстер Батыс және Орталық Қазақстан арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, жолаушылардың ыңғайлылығын және өңірлер арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Билеттер әуекомпанияның сайтында және әуебилеттерді сататын онлайн сервистерде сатылуда.