Орал халықаралық әуежайында арнайы техника паркін жаңарту жалғасуда. Бұл жолы арнайы техника паркі КАМАЗ базасындағы жаңа құрамдастырылған жол машинасымен (бұдан әрі – КЖМ) толықтырылды.
КЖМ қысқы уақытта да, жазғы уақытта да пайдаланылуы мүмкін. Ол тез алынатын қайырмамен, сыпыру-қылшақты жабдығы және көктайғаққа қарсы реагенттерді үлестіргіш сияқты жол жинау құралдармен жабдықталған.
Бұл машинаның ерекшелігі автомобильдің алдыңғы әйнегіне қардың түсуін болдырмайтын қайырманың геометриясы және қосымша дефлектор болып табылады. Түнгі уақытта жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайырма екі жақты жарық шамымен және төрт жарық қайтарғышпен жабдықталған, сондай-ақ негізгі автомобильдің габаритінен шығып тұрған қайырманың шетіне сигналдық элементтер орнатылған.