2024 жылы ұшу үшін 10 бағыт қол жетімді болды, оның 4-і халықаралық. Дәстүрлі түрде ұшулар үшін ең сұранысқа ие бағыттар Астана және Алматы қалалары болды. Көрші Атырауға да рейс үлкен сұранысқа ие болды. Халықаралық бағыттар арасында Анталья көш бастап тұр.
Әуежай жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және техниканы жаңарту бағытында үнемі жұмыс істейді. Өткен жылы арнайы техника паркі өрт сөндіру машинасымен, фронтальды тиегішпен, қарды тазартуға арналған екі арнайы Boschung әуеайлақ машинасымен, құрама жол машинасымен толықтырылды, жыл соңында жабық конструкциялы екі жаңа трап, сұйық реагентті шашатын тіркемелі үлестіргіш және механикаландыру құралдары сатып алынды. Барлық қауіпсіздік талаптарына сай келетін жаңа БӨП құрылысы аяқталды. Пайдалануға берілуі осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2024 жылы ҰҚЖ-ның деформациялық жіктері, перрон жөнделді, әуежай штабының ғимаратына сыртқы күрделі жөндеу жүргізілді, гараж бокстары, жанармай құю кешені де жөндеуден өтті.