Біз әуежайдың техникасы мен жабдықтары паркін жоспарлы түрде жаңартып отырамыз. Бұл басынан бастап айтқан басымдықтарымыздың бірі. Бүгінгі күні бір жыл ішінде механикаландырудың 26 бірлігі, оның ішінде әуежайда бұрын пайдаланылмаған, мысалы, амбулифт сияқты арнайы техника іске қосылды. Техника паркі жаңа әуежай операторының мүмкіндіктері мен тәжірибесінің арқасында жаңартылуда.
Соңғы алынған техника - екі арнайы әуеайлақ машинасы BOSCHUNG BJB8000. Арнайы техниканың бұл түрі жұмыс жылдамдығы 50 км/сағ дейін қар жинауға арналған. Машиналар ені 6,3 метр қарлы қайырмамен және ені 4 метр щеткамен жабдықталған. Техника пайдалануға берілді. Енді әуежайда әуеайлақты қысқы күтіп ұстау үшін 15 арнайы техника пайдаланылады. BOSCHUNG BJB8000 машиналары бізге жұмыс сапасын жақсартуға және қиын ауа-райында қар тазалау уақытын қысқартуға көмектеседі. Олар әуеайлақты соңғы күндері жауған қардан тазартуға атсалысты, әуежай ұшақтарды қабылдауды тоқтатпағанын айтып кеткен жөн.
Жақын арада әуежайда ұшақтарға қызмет көрсететін жаңа техника іске қосылады.