Әдетте, Қазақстанда мұндай шараларға ірі саяси іс-шараларды өткізу кезеңінде, мереке күндері, сондай-ақ, қандай да бір қауіп туындаған жағдайда жүгінеді. Қазіргі уақытта бірінші тексеру желісі және аэровокзал кешеніне кіре берісте орнатылған тексеру жабдығы алынып тасталды.
Қажет болған жағдайда, сондай-ақ, уәкілетті органның шешімі бойынша тексеру жабдығы қайтадан орнатылатынын атап өтеміз.