Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Орал халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары аяқталды

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайда 08-13 қазан аралығында жүргізілген жермен жүру жолын жөндеу жұмыстары аяқталды. 8 және 9 қазан күндері негізгі жұмыстарды жүргізу кезеңінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуежай уақытша жабылды. Қазіргі уақытта әуежайдың әуе кемелерін қабылдау және шығару жөніндегі қызметі штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жөндеу аясында жермен жүру жолында асфальтбетон жабынының екі жаңа қабаты салынды. Мердігер ұйым І санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензиясы және жол құрылысы саласында үлкен тәжірибесі бар "Адал Арна" ЖШС құрылыс компаниясы болды.

Қазіргі уақытта әуежай перронды толық қайта құру бойынша жобалық құжаттаманы дайындаумен айналысуда. Әуеайлақ жабындарын қайта жаңарту Орал әуежайында әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша ағымдағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.
27 қыркүйек 2023 Орал әуежайы әуеайлақтың жабылуымен жермен жүру жолын жөндейді 16 қараша 2023 Орал қаласынан Тайландқа рейстер ашылды
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз