Авиациялық қауіпсіздіктің алтын ережелері
Жүкті коммерциялық қоймаға тапсырар алдында жүк жөнелтуші жүкті тапсыру рәсімінен өтуге міндетті, оған мыналар кіреді:
1. жүкке ілеспе құжаттарды ұсыну;
2. тариф бойынша төлеу;
3. әуежай аумағына келгені үшін алымдарды төлеу.
Бұл рәсімдер аэровокзал ғимаратының 1 қабатындағы №184 кабинетте жүргізіледі.
Жүкті / поштаны тасымалдауға қабылдау кезінде мынадай операциялар орындалады: өлшеу, орындардың санын, таңбалауды, сыртқы қаптаманы, төлем құжаттарын тексеру. Жүк жөнелтушінің сыртқы қаптамасының, пломбаларының зақымдануы немесе таңбалаудың бұзылуы анықталған кезде маман жүкті қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Жүкті / поштаны тексеру жүк жөнелтушінің немесе ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен жүргізіледі.
Жүкті /поштаны коммерциялық қоймаға жеткізу жүк жөнелтушінің көлігінде жүргізіледі.
Халықаралық тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші жүктерді әкетуге және оларды ҚР аумағына әкелуге байланысты барлық формальдылықтарды реттеуге міндетті. Оларға қажетті лицензияларды, рұқсаттарды, сертификаттарды және ҚР заңдарында талап етілетін басқа да құжаттарды алу жатады. Жүк жөнелтуші ҚР Үкіметінің барлық қаулыларының және осындай тасымалдарға байланысты мемлекеттік бақылау органдарының талаптарының орындалуына кепілдік беруге міндетті. Бұған сондай-ақ қозғалыс бағыты өтетін елдердегі жүктерді тасымалдау және оларды басқа ӘК-ге қайта тиеу ережелерін сақтау кіреді.
Жүкті ресімдеу күн сайын сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі
* Жүкті рәсімдеу рейске қызмет көрсету кезінде жүргізілмейді
Жүкті қабылдау және ресімдеу бойынша барлық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
Орал әужайының техникалық мүмкіндігінің нормативтері
- Әуе кемелері (ӘК)
-
1.1 Ұшып келу/Ұшу әуежайы, барлық түрлері - 2;
- Жөнелту, барлық түрлері - 2
- Келу/Жөнелту, барлық түрлері - 2
-
Жолаушылар
-
2.1 Терминал
- Жөнелту 250 жол./сағ.
- Келу 250 жол./сағ.
- Жөнелту/Келу 500 жол./сағ.
- Келу 250 жол./сағ.
- Жөнелту 250 жол./сағ.
Орал әуежайының заманауи аэровокзал кешенінің құрамына ішкі және халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсететін кең және технологиялық жолаушылар терминалы кіреді.
көлемі
сағ.
қабілеті
шығу
таспасы
Үйлестіруші мен әуетасымалдаушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың (келісудің) негізгі параметрлерімен көрсетілген байланыс арналары бойынша келесі мерзімдерде танысуды ұсынамыз:
-
Ұшуларды (бизнес-авиация ұшуларынан, біржолғы чартерлік және қосымша рейстерден басқа) орындау, өзгерту немесе жою туралы сұрау салулар "Орал" халықаралық әуежайы" ЖШС ӘК дайындауды жоспарлау және басқару тобының диспетчерлік пунктіне келесі мекенжайлар бойынша ұшудың жоспарланған күнінен кемінде 3 жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс:
AFTN: УАРРАПБФ (UARRAPBF).
Өтінімдерді қабылдау және өңдеу кестесі:
Дүйсенбі-жұма – 09:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақыт).
-
Бизнес-авиация ұшуларын, біржолғы чартерлік және қосымша рейстерді (шұғыл жоспарлар бойынша орындалатын ұшулардан басқа) орындау, өзгерту немесе жою туралы сұрау салулар ӘК дайындауды жоспарлау және басқару тобының диспетчерлік пунктіне мына мекенжай бойынша жоспарланған ұшу күнінің алдындағы тәулігінде сағ. 15.00 (жергілікті уақыт) кешіктірілмей ұсынылуға тиіс: AFTN: УАРРАПБФ (UARRAPBF).
Жоспарланған ұшу күнінің алдындағы тәулігінде сағат 15:00-ден кеш ұсынылған сұрауларды растауға кепілдік берілмейді.
-
Шұғыл жоспарлар бойынша орындалатын рейстерді орындау, өзгерту немесе тоқтату туралы сұрау салулар ӘК дайындауды жоспарлау және басқару тобының диспетчерлік пунктіне рейстің жоспарланған жөнелту уақытынан кемінде 6 сағат бұрын мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:
AFTN: УАРРАПБФ (UARRAPBF). Электронды мекенжай: pdsp.ura@mail.ru
"Орал" халықаралық әуежайы" ЖШС әуе кемелеріне жанармай құю және авиациялық отынды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Әуежай әуекомпанияларға ең қолайлы сервис пен өнімді жеткізу шарттарын ұсыну үшін жанармай құю кешенін дамыту бойынша мақсатты түрде жұмыс істейді.
Байланыс үшін: ma_oral@inbox.ru
Сапа жүйесі тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені әрбір технологиялық кезең бақылауға алынады: азық-түлік жеткізушілерін таңдау, сақтау, дайындау, борттық тамақтануды жинақтау.
"Орал" халықаралық әуежайы" ЖШС өткізетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы ақпарат коммерциялық сегменттің электрондық сатып алу жүйесінің сайтында жарияланады.
"Орал" халықаралық әуежайы" ЖШС жалға алушыларды келесі жалдау алаңдары бойынша ынтымақтастыққа шақырады:
Аэровокзал кешені
Аэровокзал кешенінің ғимаратында (ІӘЖ және ХӘЖ, жалпы зал) кәдесый дүкенін, кофехананы, отбасылық мейрамхананы орналастыру, сондай-ақ автоматтандырылған бөлшек сауда орындарын (вендинг) ұйымдастыру үшін ауданы 25 шаршы метрден басталатын сауда үй-жайлары жалға ұсынылады. Сауда алаңдарын жалдау шарттарын жасасу тендерлік негізде жүзеге асырылады.