Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Орал халықаралық әуежайында ЖҰҚЖ жіктеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

«Орал» халықаралық әуежайы әуеайлағының ұшу-қону жолағында деформациялық жіктерді жөндеу басталды. Жұмыстарды әуежай мамандары, сондай-ақ «ОралЖолСтрой» мамандандырылған ұйымының қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Біздің мамандардың күшімен жіктерді тазалау жүргізілді. Бүгін мердігер ұйымның қызметкерлері оларды герметизациялауға кірісті. Жоспар бойынша қолданыстағы ұшу-қону жолағында 17000 метрден астам қысу жіктері жөнделеді. Әуежайдың өткізу қабілеті мен қалыпты жұмысын бұзбау үшін рейстер арасында арнайы бөлінген технологиялық «терезелерде» жұмыс істеу туралы шешім қабылданды.

Жіктерді жөндеу бұл бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі және ауқымды процесс. Ең алдымен бұл қысу жіктерінің қолданыстағы тұмшалауышын бөлшектеу. Одан кейін камераның қабырғаларын механикалық әдіспен тазарту, жікті сығылған ауамен үрлеу, сумен шаю, тығыздағыш баумен толтыру. Ол үшін көбікті полиэтиленнен жасалған ыстыққа төзімді тығыздағыш бау қолданылды. Жіктің қабырғаларын арнайы құраммен өңдегеннен кейін ол битум-полимерлі қымтақпен толтырылады.

Жұмыстың технологиясы мен сапасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне толық сәйкес келеді. Барлық пайдаланылатын материалдар сәйкестік сертификатына ие және әуеайлақтарды пайдалану және ағымдағы жөндеуге арналған материалдар тізбесіне енгізілген.

24 маусым 2024 Орал халықаралық әуежайы TIACA-мен жүк тасымалын дамыту туралы меморандумға қол қойды
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз