Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Жіберу тәртібі

Жүкті коммерциялық қоймаға тапсырар алдында жүк жөнелтуші жүкті тапсыру рәсімінен өтуге міндетті, оған мыналар кіреді:

1.      жүкке ілеспе құжаттарды ұсыну;

2.      тариф бойынша төлеу;

3.      әуежай аумағына келгені үшін алымдарды төлеу.

Бұл рәсімдер аэровокзал ғимаратының 1 қабатындағы №184 кабинетте жүргізіледі.

Жүкті / поштаны тасымалдауға қабылдау кезінде мынадай операциялар орындалады: өлшеу, орындардың санын, таңбалауды, сыртқы қаптаманы, төлем құжаттарын тексеру. Жүк жөнелтушінің сыртқы қаптамасының, пломбаларының зақымдануы немесе таңбалаудың бұзылуы анықталған кезде маман жүкті қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Жүкті / поштаны тексеру жүк жөнелтушінің немесе ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен жүргізіледі.

Жүкті /поштаны коммерциялық қоймаға жеткізу жүк жөнелтушінің көлігінде жүргізіледі.

Халықаралық тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші жүктерді әкетуге және оларды ҚР аумағына әкелуге байланысты барлық формальдылықтарды реттеуге міндетті. Оларға қажетті лицензияларды, рұқсаттарды, сертификаттарды және ҚР заңдарында талап етілетін басқа да құжаттарды алу жатады. Жүк жөнелтуші ҚР Үкіметінің барлық қаулыларының және осындай тасымалдарға байланысты мемлекеттік бақылау органдарының талаптарының орындалуына кепілдік беруге міндетті. Бұған сондай-ақ қозғалыс бағыты өтетін елдердегі жүктерді тасымалдау және оларды басқа ӘК-ге қайта тиеу ережелерін сақтау кіреді.

Жүкті ресімдеу күн сайын сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі

* Жүкті рәсімдеу рейске қызмет көрсету кезінде жүргізілмейді

Жүкті қабылдау және ресімдеу бойынша барлық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 (7112) 93-96-75

+ 7 (705) 504-12-46



Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз