Жолжүкті тасымалдау ережелері
Жолаушының жолжүгі жөнелту әуежайында тіркелген кезде тасымалдауға қабылданады. Әуе кемесінің жолаушысы жолжүкті белгіленген норма шегінде қосымша ақысыз алып жүруге құқылы. Жолжүкті, оның ішінде жолаушы өзімен алып жүретін заттарды тегін тасымалдау нормаларын тасымалдаушы әуекомпания белгілейді. Жолжүкті әуе тасымалдауының жалпы ережелерімен толығырақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығында танысуға болады.
Құрметті жолаушылар, келесі заттарды жолжүгіңізге салу ұсынылмайды:
Нормативтен тыс жолжүкті тасымалдау кезінде тегін жолжүк тасымалдаудың белгіленген нормасы мен тасымалдауға ұсынылған жолжүктің салмағы арасындағы айырмашылық тасымалдаушы белгілеген жолжүк тарифтері бойынша әуекомпанияның кассасына төленеді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2023 жылғы 27 шілдедегі №548 (13.08.2023 бастап қолданысқа енгізілді) бұйрығымен бекітілген азаматтық ӘК-де тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесімен мына жерден таныса аласыз.
Тыйым салынған заттар
Құрметті жолаушылар, келесі заттарды жолжүгіңізге салу ұсынылмайды:
- зергерлік бұйымдар;
- ақша;
- құжаттар мен бағалы қағаздар;
- осал, сынғыш заттар және тез бұзылатын тағамдар.