Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Ережелер

Рейс кешіктірілген кезде жолаушылардың құқықтары

Жолаушыны әуемен тасымалдау шарты бойынша авиакомпания әуе кемесінің жолаушысын межелі пунктке тасымалдауға, оған билетте көрсетілген рейсті жасайтын әуе кемесінде орын беруге, ал жолаушы багажды әуемен тасымалдаған жағдайда багажды межелі пунктке жеткізуге және жолаушыға немесе багажды алуға уәкілетті адамға беруге міндеттенеді

Авиакомпания (тасымалдаушы) әуе тасымалы шартының талаптарын бұзғаны үшін жолаушы алдында жауапты болады.

Әуежай әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге және әуе тасымалын орындау үшін қажетті әуежай қызметтерінің кешенін орындауға арналған.


"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңына және "Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына сәйкес тасымалдаушы тасымалдайтын рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушы алдындағы жауапкершілік
 (жоспарланған бағыттан маршруттың өзгеруі, рейстің кешігуі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің тоқтатылуы немесе рейстің ұшу (келу) уақытына немесе бағытына әсер ететін басқа өзгеріс).

1. Тасымалдаушының кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде мынадай қызметтерді ұйымдастыруға міндетті:
1) жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін (бар болса) беру;

2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы, оның ішінде халықаралық байланыс желілері бойынша немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама;

3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күту кезінде салқын сусындармен қамтамасыз ету;

4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан артық және одан әрі күту кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету: 

  • күндізгі уақытта - әр алты сағат сайын- ; 
  • түнде - әр сегіз сағат сайын;
5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта - сегіз сағаттан артық және түнгі уақытта - алты сағаттан артық күткен кезде тасымалдаушы ұсынатын қонақүйде орналастыру;

6) тасымалдаушы әуежайдан қонақүйге дейін және қонақ үй қосымша ақы алынбай берілетін жағдайларда кері қайтарып әкелетін көлікпен қамтамасыз етеді.



Осы тармақта көрсетілген қызметтер жолаушыларға қосымша ақы алынбай ұсынылады. 


1. Рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы мұндай өзгеріс туралы білген бойда жолаушыны ұялы байланыс абоненттік нөмірі және билетті сатып алу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша, сондай-ақ әуежайда: 

     1) рейс мәртебесінің және ұшудың уақытының өзгеру себептері және (немесе) жаңа маршрут туралы; 

     2) Егер өзгеріс тасымалдаушының кінәсінен немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес әуе кемесінің кеш келуі салдарынан болған жағдайда, рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты тасымалдаушы ұсынатын қызметтердің тізбесін қамтиды.

2. Тасымалдаушының кінәсінен рейс мәртебесі бес сағаттан артық мерзімге өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша: 

   1) Осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметтерді ұсына отырып, жолаушыны билетте көрсетілген межелі пунктке дейін жақын арадағы рейспен тасымалдауды қамтамасыз етуге; 

   2) жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.

Әуе рейсі кешіктірілген (тоқтатылған) кезде жолаушы төмендегі мәселені шешу үшін тасымалдаушының билеттерін сату пункттеріне жүгіне алады:

  • әуе билетті басқа рейске ауыстыру;
  • әуе билетін қайтару.


Әуебилеттерді ауыстыру, қайтару немесе сатып алу шарттары мен тәртібі жолаушыға әуе кассаға жүгінген кезде түсіндіріледі.
Жолаушыны межелі пунктке жеткізуді кешіктіргені үшін тасымалдаушы, егер мерзімін өткізіп алғаны жолаушының шеккен залалдарын өтеуден басқа, еңсерілмейтін күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, кешіктірудің әрбір сағаты үшін тарифтің (мерзімі өткен ұшу учаскесінің тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді, егер соңғысы осындай кешіктіруге байланысты орын алса. Айыппұл сомасы сатып алынған тарифтің (мерзімі өткен ұшу учаскесінің тарифі) құнынан аспауға тиіс. 

Жолаушыны межелі пунктке жеткізуді кешіктіргені үшін айыппұл төлеуді тасымалдаушы жолаушының өтініші бойынша тасымалдаушының билеттерін сату пункттері арқылы жүргізеді.
  • Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап-арыздар тасымалдаушы шағымды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан не талап-арыз жіберілген сәттен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін тасымалдаушыдан берілген шағымға жауап алмаған жағдайларда қойылуы мүмкін.
  • Тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзімі - екі жыл.
  • Талап қою мерзімі талап қою үшін негіз болған оқиға басталғаннан кейінгі келесі күннен бастап есептеледі.
  • Тасымалдаушыға талап-арыздар (міндетті түрде талап қойылғаннан кейін) тасымалдаушының орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша ғана қойылуы мүмкін (ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 31-бабы 4-бөлігі).

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті келесі мекенжай бойынша орналасқан:

Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2

Телефоны: +7 (7112) 50-00-44
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз