Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Оралдан жаңа әуетасымалдаушының алғашқы рейсі ұшты

30 мамырда Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Антальяға Turkish Airlines әуекомпаниясының бірінші борты ұшты. 28 қыркүйекке дейін созылатын ұшу бағдарламасына сәйкес рейстерді аптасына екі рет орындау жоспарлануда.

Ең танымал курорттардың біріне ұшу Boeing 737-900 жайлы әуе кемелерімен жүзеге асырылады, онда 152 орын – эконом және 16 – бизнес-класс.

Әуежайдың бас директоры Рустам Биктимиров бірнеше рет мәлімдегендей, Орал қаласынан маршруттық желіні дамыту жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Анталья Орал кестесіндегі алғашқы халықаралық курорттық бағыт болды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Scat Airlines әуекомпаниясы да түрік курортына аптасына екі рет ұшатын чартерлік бағдарламаны іске қосқан болатын. Сонымен қатар, жолаушыларымызға Шарм-эль-Шейхке баратын рейстер де қол жетімді.

Орал қаласынан ұшатын турларды қазір еліміздің ең ірі туристік операторы Fun&Sun Kazakhstan компаниясынан сатып алуға болады.

Нарықта 90 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Түркияның флагмандық әуекомпаниясы жүзеге асыратын чартерлік бағдарламаның басталуы жолаушыларымыз үшін жаңа бағыттарды ашуға серпін береді деп үміттенеміз. Өйткені, біздің мақсатымыз ішкі және халықаралық бағыттардағы маршруттарды кеңейту болып табылады.

Рустам Биктимиров

Әуежайдың бас директоры

02 мамыр 2023 іJan терминалдары Орал қаласында іске қосылды 02 тамыз 2023 Орал қаласынан Ақтауға ұшулар қайта басталады
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз