Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайында заманауи өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылған. Инновациялық жабдық алғаш рет әуежайда қолданылды. Оны FlyArystan әуекомпаниясының жолаушылары пайдалана алады.
Енді Орал тұрғындарына өз бетінше тіркелу, қосымша қызметтерді сатып алу, отырғызу талонын басып шығару және тіркеу уақытын едәуір қысқартатын басқа да сервистер қолжетімді.
«Біздің стратегиямыз – әуежайдағы жолаушылар өтетін процесстерді барынша автоматтандыруға бағытталған. Сол себепті біз жерлестерімізді цифрлы шешімдерді қолдануға бағыттаймыз және де мүмкіндік береміз», — деп жаңалықпен бөлісті FlyArystan-ның басқарушы директоры Эдриан Хамилтон-Маннс. «iJan-ның енгізілуі жұмысты оңтайландырып, әуежайда рейске тіркеу кезінде сапалы қызметті көрсету деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді».
Рустам Биктимиров
Орал халықаралық әуежайының бас директоры