Ақтауға ұшуды Fly Arystan әуекомпаниясы 180 орындық Airbus A320 әуе кемелерінде орындайтын болады. Рейстер қазан айына дейін жоспарланған.
Айта кету керек, бірінші рейске билеттер толығымен сатылып кетті.
Біз әуекомпаниялармен және авиациялық билік органдарымен бірлесіп әуежайымыздан маршруттық желіні кеңейту бойынша үнемі жұмыс істейміз. Біз үшін басты мақсаттардың бірі - ел ішіндегі барлық сұранысқа ие бағыттар бойынша тікелей рейстердің санын арттыру, солардың бірі Ақтау қаласына қатынайтын рейс болып табылады
Рустам Биктимиров
Орал әуежайының бас директоры