Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Орал халықаралық әуежайы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында даму нәтижелерін таныстырды

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы 24–25 шілде күндері Омбы қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Форум дәстүрлі түрде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі болып табылады.

Іскерлік бағдарлама аясында әуежайдың бас директоры Дамир Самигуллин кәсіпорынның соңғы үш жылдағы даму нәтижелерін таныстырды. Осы кезеңде әуежайдың жолаушылар ағыны 85%-ға артып, 618 мың жолаушыға жетті. Жүк айналымы шамамен 89%-ға ұлғайды, ал апталық рейстер саны 35-тен 53-ке дейін өсті. Жалпы көлемі 2,7 млрд теңгеден асатын инвестициялардың арқасында инфрақұрылым жаңғыртылып, арнайы техника мен жабдықтар паркі жаңартылды. Сондай-ақ әуежай өз тарихында алғаш рет үш жыл мерзімге аэродромның жарамдылық сертификатын алды.

Сонымен қатар маршруттық желіні дамытудағы жетістіктер де атап өтілді. Ішкі рейстер саны артты, жаңа халықаралық бағыттар, оның ішінде Ыстанбұл бағыты ашылды. Соңғы үш жыл ішінде 117 жаңа жұмыс орны құрылды.

Форум барысында Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының өңірлері арасындағы әуе қатынасын кеңейту перспективаларына, сондай-ақ көлік байланысын нығайту мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форумға қатысу Орал халықаралық әуежайын жаңғырту тәжірибесін таныстыруға және Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді талқылауға мүмкіндік берді.
17 Сәуір 2026 Оралдан Ыстамбұлға тікелей рейс ашылуда 02 тамыз 2026 Көлік министрі Орал халықаралық әуежайының даму жоспарларымен танысты
Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз