Қауіпсіздікті бақылау
Орал әуежайындағы қауіпсіздікті бақылау "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шілдедегі № 339-IV Заңына, "Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік қағидалары" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 507 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы қаулысына, № 673 "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына" сәйкес жүргізіледі.
Ішкі рейстердің жолаушыларын, олардың қол жүгі мен жолжүгін ұшу алдындағы тексеру тіркеуден кейін, ал халықаралық ұшуларды орындау кезінде шекаралық, кедендік, иммиграциялық және бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асырғаннан кейін жүргізіледі.
Қауіпсіздікті бақылаудан өту кезінде билетті және (немесе) отырғызу талонын және жолаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
Тексеруді авиациялық қауіпсіздік жөніндегі даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес сертификаты бар және жұмысқа рұқсаты бар, бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру инспекторлары жүргізеді.
Әуежайда қарап тексеру жүргізу стационарлық техникалық қарап тексеру құралдарымен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған қарап тексеру пункттерінде, сондай-ақ жеке қарап тексеруді жүргізуге арналған үй-жайларда жүзеге асырылады.
Тексеру кезінде техникалық және арнайы құралдар қолданылады: стационарлық рентген-телевизиялық интроскоптар мен металл іздегіштер, портативті (қол) металл іздегіштер, белгіленген тәртіппен сертификатталған жарылғыш заттарды анықтауға арналған құрылғылар.
Ішкі рейстердің жолаушыларын, олардың қол жүгі мен жолжүгін ұшу алдындағы тексеру тіркеуден кейін, ал халықаралық ұшуларды орындау кезінде шекаралық, кедендік бақылау жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысымен бекітілген, оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін әуе көлігімен тасымалданатын Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының арнайы тізбесінде көрсетілген адамдар тексеруден босатылады.
Трансферлік және транзиттік жолаушылардың жолжүгі олардың бастамасы бойынша маршруттар өзгерген кезде қайта қаралады және жолаушылармен бір рейспен жөнелтіледі.