Мобильді отырғызу талоны
Орал әуежайынан ұшатын жолаушылар мобильді отырғызу талондарының сервисін пайдалана алады. Ол үшін әуекомпанияның сайтында рейске онлайн тіркеліп, мобильді құрылғыға электрондық отырғызу талонын алу қажет.
Штрих-коды немесе QR-коды бар электрондық отырғызу талоны барлық қажетті ақпаратты қамтиды: жолаушының аты-жөні, оның паспорттық деректері, ұшу күні мен уақыты, рейс нөмірі және т.б. мобильді отырғызу талонын пайдалану тексеру аймағына өту кезінде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету қажеттілігін жоймайтынына назар аударамыз. Егер жолжүгіңіз болса, оны әуежайдың тіркеу үстелдерінде тапсыруға болады.
Мобильді отырғызу талонын осы қызметті растаған әуекомпаниялардың жолаушылары пайдалана алады. Билетті сатып алу кезінде әуекомпанияда мобильді отырғызу талоны қызметінің болуы туралы ақпаратты нақтылауға болады.
Қажет болған жағдайда, электрондық отырғызу талонынан басқа, қағаз жүзіндегі рәсімделген отырғызу талонын пайдалану мүмкіндігі сақталады. Басып шығарылған талонды алу үшін тіркеу үстеліне жүгіну немесе әуежайдағы дербес тіркеу дүңгіршегін (Fly Arystan әуекомпаниясының рейстері үшін) пайдалану қажет.