Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға
Орал әуежайы жүріп-тұру кезінде қиындықтары бар жолаушыларға қажетті ресмиліктердің (тіркеу, кедендік және шекаралық бақылау, жолжүкті алу және рәсімдеу кезінде жәрдемдесу) барынша жылдам және ыңғайлы өтуін қамтамасыз ете отырып, әуежайға келген кезде оларды күтіп алады және әуе кемесінің бортына қонғанға дейін, сондай-ақ ұшып келген борттан алып жүруге ерекше назар аударады.
Әуе тасымалы шартын брондау және жасасу кезінде мүмкіндігі шектеулі жолаушылар тасымалдаушыға немесе тасымалдаушының агентіне, ал туристік өнімді алу туралы шарт жасасу кезінде - туроператорға немесе турагентке оларда бар тіршілік әрекетінің шектеулері туралы, сондай-ақ әуе кемесінің бортында тасымалданатын жеке жүріп-тұру құралдарының габариттік, салмақтық және өзге де сипаттамалары (аккумуляторлардың болуы мен техникалық сипаттамаларын қоса алғанда) туралы хабарлауы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдауға қабылдау туралы шешімді әуекомпания медициналық қорытынды негізінде және келесі факторларды: жолаушының денсаулық жағдайын, рейстегі ерекше санаттағы жолаушылар санына шектеулерді, ұшуда арнайы жабдықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып қабылдайтынына назар аударамыз. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды әуетасымалдау ережелері туралы толық ақпаратты сіз қызметтерін пайдаланғыңыз келетін әуекомпаниядан алуға болады.

Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласа аласыз:
+7 (7112) 93-96-75, +7 (7112) 93-96-77
Әуежайға барар алдында сапарға қажетті барлық құжаттарды өзіңізбен бірге алып келгеніңізді тексеріңіз.

Мүгедектерге арналған арнайы орындары бар автотұрақ - Р1 - Орал әуежайының вокзал маңындағы алаңында орналасқан.
Орал әуежайының вокзал маңындағы алаңында мүгедектерге арналған арнайы белгіленген тұрақ орындары мотоколяскалар мен "мүгедек" белгісі орнатылған көліктерге арналған.
Терминалға кіре берісте жолаушыны аэровокзал кешенінің аумағы бойынша алып жүруді қамтамасыз ету үшін шақыру түймелері орналасқан.
Қажет болған жағдайда әуежай жолаушыға вокзал алдындағы алаңда, терминалда және әуе кемесінің салонында жүруге арналған арба береді. Арбаны алу үшін диспетчерге хабарласыңыз.
Медициналық көмекті қажет ететін жолаушылар үшін әуежайдың 1 қабатында орналасқан медициналық пункт арқылы рейске рәсімдеуден өту мүмкіндігі қарастырылған, содан кейін сізді бортқа арнайы автокөлік жеткізеді. Қажет болған жағдайда білікті медицина қызметкер сізбен бірге ұшаққа дейін барады.
Тіркеуден өткеннен кейін мүмкіндігі шектеулі жолаушы ұшу алдындағы тексеруден өту аймағына барады, жолаушыға тексеру, кедендік және шекаралық бақылау (халықаралық ұшу жағдайында) рәсімдерінен өтуге қажетті көмек көрсетіледі және одан әрі әуежай қызметкерлерімен бірге жолаушы кезектен тыс әуе кемесіне қонуға өтеді.
Жоғарыда көрсетілген санаттағы жолаушыларды әуе кемесі тұрған жерге тасымалдау мүгедектер арбасында жүргізіледі.
Кресло-арбалар және өзге де ірі габаритті медициналық жабдықтар бортқа отырар алдында әуе кемесінің тұрақ орнында жолжүкке тапсырылады.

Әуе кемесінде жолжүкті және оның габариттерін тегін тасымалдау нормасын әуекомпания белгілейді. Әуе кемесінің бортында жеке жүріп-тұру құралдарын қол жүгі немесе тіркелген жолжүк ретінде тасымалдау кезіндегі шектеулерді әуекомпания белгілейді.
Мүгедектігі бар адамдардың және жүріп-тұруы шектеулі топтарға жататын жолаушылар өздерімен бірге жеке пайдалануға арналған зембіл мен мүгедектер арбасын жолжүк ретінде қосымша тегін алып жүре алады.
Бұдан басқа, жолаушы тегін тасымалдайтын заттардың тізіміне тыныс алуды қолдауға арналған оттегі тыныс алу аппараттары (құрамында сұйық оттегі бар аппараттарды қоспағанда) енгізіледі, оларды осындай аппараттарды өндірушілер көрсеткен әуе кемесінің бортында тасымалдауға және пайдалануға рұқсат болу керек, оларды пайдалану жолаушы үшін өмірлік маңызды болып табылған жағдайда, бұл № 27 нысандағы тиісті медициналық анықтамамен расталады, ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № КР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №21579).

Орал әуежайына ұшатын рейске тіркелу кезінде әуежайға ұшу кезінде қандай арнайы қызметтер мен көмек қажет болатынын хабарлаңыз. Егер сіз мобильді тіркеуді, әуекомпанияның веб-сайтынан немесе әуежайда өзін-өзі тіркеу дүңгіршегінен өз бетіңізше рейске алдын ала тіркелсеңіз, сізге қажет келу әуежайындағы қызметтер туралы жазбаны енгізу үшін ұшу әуежайының тіркеу үстеліне хабарласыңыз.
Орал әуежайына келгеннен кейін сізге әуе кемесінің бортынан түсіру, жолжүкті алу, ал қажет болған жағдайда - көлігіңізге дейін алып жүру кезінде көмек көрсетілетін болады. Азаматтық авиацияның нормативтік құжаттарына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға әуе кемесінен түсуге көмек барлық жолаушыларды түсіру аяқталғаннан кейін көрсетіледі.
Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласа аласыз:
+7 (7112) 93-96-75, +7 (7112) 93-96-77
Орал әуежайына келгеннен кейін сізге әуе кемесінің бортынан түсіру, жолжүкті алу, ал қажет болған жағдайда - көлігіңізге дейін алып жүру кезінде көмек көрсетілетін болады. Азаматтық авиацияның нормативтік құжаттарына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға әуе кемесінен түсуге көмек барлық жолаушыларды түсіру аяқталғаннан кейін көрсетіледі.
Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласа аласыз:
+7 (7112) 93-96-75, +7 (7112) 93-96-77
- +7 (7112) 93-96-75, +7 (7112) 93-96-77 – мүгедектер мен тіршілік әрекеті шектелген басқа да азаматтар қатарындағы жолаушылар үшін әуежайда қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау;
- +7 (7112) 93-92-62 – медициналық қамтамасыз ету және тиісті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша ақпарат.
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы №189 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету қағидаларына "Әуежайда халықтың қозғалыс мүмкіндігі шектеулі топтарға жататын жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарының ережесі".
- 2006 жылғы 13 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция
- "Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығы.