Қаріп өлшемі:
Аб
Аб
Аб
Түс схемасы:
Суреттер:
Жолаушыларға Серіктестерге
RU Мәзір

Ережелер

Балалармен ұшу

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында балаларды тасымалдаудың бірыңғай қағидалары белгіленген: ересек жолаушы өзімен бірге 2 жасқа дейінгі жеке орынсыз бір баланы тегін алып жүре алады. Егер жолаушымен 2 жасқа дейінгі бірден көп балалар жүрсе, онда оларға тариф ішінара төленіп, жеке орын ұсынылады.   

6 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушылар ішкі және халықаралық рейстерде ересек адамдарсыз жалғыз саяхаттай алады. Балаларды тасымалдаушының бақылауымен ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары) тасымалдауға жазбаша өтініш рәсімдегеннен кейін ғана тасымалдауға болады. 

Ересек адамсыз кәмелетке толмағандар "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5-тармағына сәйкес түңгі сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін тасымалдауға қабылданбайды.

6 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушылар кәмелетке толған жолаушымен бірге ғана тасымалданады.

Егер Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматы Қазақстан Республикасынан жалғыз шыққан жағдайда, оның паспортынан басқа өзімен бірге ата-анасының, асырап алушыларының, қорғаншыларының Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматының шығу мерзімін және өзі баруға ниет білдірген мемлекетті (мемлекеттерді) көрсете отырып, шығуға нотариалды рәсімделген келісімі болуы қажет.

Біздің сайт өз жұмысын жақсарту және статистикалық зерттеулер жүргізу үшін cookie (сайттағы пайдаланушының әрекеттері туралы аналитикалық деректер) пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзіңіздің веб шолғышыңыздың cookie файлдарын өңдеу шарттарымен және жеке деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен келісесіз. Сіз әрқашан веб шолғыш параметрлерінде cookie файлдарын алып тастай аласыз